Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды

AstanaTV
16.06.2023ж. 09:21
794
Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған 16 жастағы жасөспірім көз жұмды

Ақтауда үстіне темір футбол қақпасы құлаған жасөспірім ауруханада көз жұмды. Ол ауруханаға мамыр айының соңында түскен болатын. Lada.kz басылымының хабарлауынша, зардап шеккен жасөспірімнің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болған.

inAktau.kz басылымының жазуынша, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде растаған.

Басылым дерегінше, жасөспірім кеше, 15 маусымда қайтыс болған.

Еске салайық, 16 жастағы жасөспірім ауруханаға 20 мамырда жеткізілген еді. Анықталғандай ойын барысында оның үстіне темір футбол қақпасы құлап кеткен. Зардап шеккен жеткіншекке бас-сүйек миы зақымы және ми шайқалу диагнозы қойылған. Тексерістен кейін дәрігерлер оған ем қажет екенін айтып, жасөспірім ауруханаға жатқызылған.

Алайда 24 мамыр баланың анасы оның жағдайы жақсы екенін, ал дәрігерлерге ешқандай шағым жоқ екені туралы қолхат жазып беріп, ауруханадан алып кеткен. Жасөспірім жеті күн бойы үйде ата-анасының бақылауында болған.

"31 мамырда бала есін жоғалтып, денесі құрысып бастаған. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ол Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Мидың компьютерлік томографиясынан кейін дәрігерлер одан инсульт белгілерін байқады. Ол қазір жансақтау бөлімінде комада жатыр. Протокол бойынша ем қабылдауда. Баланың жағдайы өте ауыр", - деп хабардар еткен болатын ауруханадан.