Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Екібастұз жылу орталығында төбе опырылып кетті

AstanaTV
16.06.2023ж. 10:26
749
Екібастұз жылу орталығында төбе опырылып кетті

Екібастұз жылу электр орталығындағы жұмыс істеп тұрған №5 қазандықта темір бетонды төбе плитасы опырылып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Энергетика министрлігінің өкілдері құрбандар мен зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта төбе құлаған бөлігінде жөндеу жұмыстары тоқтатылған.

Бұған дейін 11 маусымда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан №7 қазандықта қапталдық қоршау конструкциясының 8 темір бетонды плитасы құлаған.

Жұмысты жалғастыру туралы шешім мамандандырылған ұйымның тексерісінен кейін қабылданады.