Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза болды

AstanaTV
18.06.2023ж. 19:40
1070
Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қаза болды

Мерт болғандар бір отбасының мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың төрт баласы.

Атырауда жол апатынан бір отбасының 6 адамы мерт болды.

17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

«Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда Lada Priora пен Yutong автобусы соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктегі 5 жолаушы мерт болды. Көз жұмғандардың арасында 1985 жылғы әйел, 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы балалар бар. Lada Priora жеңіл көлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан көз жұмды. Мерт болғандар бір отбасының мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың төрт баласы», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жеңіл көлікпен соқтығысқан Yutong автобусы Атырау қаласынан Қызылқоға ауданындағы Сағыз стансасына күн сайын жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік екені анықталды.