Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Еліміздің жайылымдық жерлерінің 30%-да инфрақұрылым салынғанымен, 1,5% жайылым ғана қолданысқа беріліпті

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
2517
Еліміздің жайылымдық жерлерінің 30%-да инфрақұрылым салынғанымен, 1,5% жайылым ғана қолданысқа беріліпті

Қолданылмай жатқан 100 миллион гектар жайылымдық жердің 30 пайызына инфрақұрылым салынған. Бірақ оның тек 1,5 пайызы ғана қолданысқа берілген. Ол 1,5 миллион гектар жер. Үкімет жайылымдарды 4500 суарма құдығымен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 28 млрд теңге бөлген. Мұны Мәжіліс отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі айтты. 

Биыл жоспар асыра орындалып, 1370 құдық салынған, бұл жалпы инфрақұрылымның 30 пайызы. Бірақ есептің қисынын таппаған Мәжіліс төрағасы министрліктің жұмысын қатаң сынға алды. Ол министрліктердің норматив мөлшерін өз ыңғайына өзгерте беретіндігін де айтты. Мәселен, кеңестік кезеңнен бір суарма құдығы 5 мың гектар жайылымды ылғалдандырса, қазір бұл норма 2 мың гектарға дейін кеміп қалған.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Онда ол салынған құдықтардың тиімділігі қандай? Мемлекеттің қыруар қаржысы жұмсалып отыр ғой бұған. Сіз түсініп отырсыз ба? Бұл мәселені үкімет сағатында бөлек көтеру керек, бұл аз ақша емес. Сосын, үнемі өзгеріп отыратын нормативтерді біржола шешу керек. Бұл кейбір бюджеттік сұрақтарға да қатысты. Әйтеуір статистика жақсы болуы үшін, нормативтерді ойларыңызға келгенше құбылтасыздар.