Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада баспана бағасы төмендеп жатыр

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
2771
Астанада баспана бағасы төмендеп жатыр

Астанада баспана бағасы 20 пайызға төмендеген. Бірақ бұл тек басы ғана. Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті шаршы метрдің құны бұдан да арзандайды деп мәлімдеді. Үйді қай кезде алып, қай кезде сатқан тиімді? Тілшіміз Дәуренбек Бақдәулет біліп келді.

Қарағандылық  Алмас Әбдірайымов жұмыс бабымен Астанаға көшіп келмек. Бірден баспана бабын бір ретке келтіруді де көздеп жүр. Алайда бұл мәселе күрделілеу, Қарағандыдағы пәтерінің бағасымен салыстырғанда екі есе қымбаттау болып шығыпты.

Алмас Әбдірайымов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Бұл жерде сатқаннан кейін ол жақтан ала салады деген жоқ қой, айырмашылық өте үлкен. Бізде Қарағандыда осындай екі бөлмелі  пәтер шамамен 9-10 млн болса, Астанада осындай квадратура бір 14-15 млн жоғары болады.

Сандарды сөйлетсек. Жылжымайтын мүлік саласының мамандары Астанада үй бағасы жыл басынан салыстырғанда 20% құлдырағанын айтады. Орта бағамен алғанда пәтердің шаршы метрі 363,7 мың теңге. Бір пәтердің орташа құны 24,7 миллион теңге шамасында.

Бірақ, мамандар алда айтарлықтай экономикалық өзгерістер болмайды, сондықтан үй бағасы күрт қымбаттамайды деп отыр. Керсінше, баға мұнан бетер төмендеуі мүмкін деген жорамалдар бар.

Марат Якупов, «Челси» жылжымайтын мүлік агенттігінің төрағасы:

Шынын айтқанда, қазір Астанада үйлер толып кетті. Сатып алушылар аз, соған байланысты үй иелері ақырындап үй бағаларын түсіріп жатыр. Сондықтан дұрыстап мониторинг жасап, ақшасын жинап үй алуға болады бұл жақтан.

Спрос падает, Спрос упал, сейчас мы находимся в стогнаций. Рынок недвижимости скорее мертв чем жив. По большому счету вот в Республике Казахстан.


Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті тұрғындардың 80-90 %-да қолма-қол ақшаға үй алатын мүмкіндігі жоқ дейді. Жылжымайтын мүлік нарығының өлі күй кешуінің себебін сонымен түсіндіріп отыр.

Ермек Мүсірепов, Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті:

Нық сеніммен айта аламын, баға тағы да төмендейді.Сондықтан үйін сатамын деп отырғандар болса, кешіктірмей сатқандары жөн. Ал, сатып алушылар болса, ақшасын жинақтап алуына мүмкіндік бар.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Баспана бағасының төмендеуіне қарамастан, үйге мұқтаждардың саны көп. Жақында «миллионер» қала атанған Астанада баспана кезегінде бір миллион адам тұрған көрінеді. Ал кезекте тұрмағандар қаншама?! Сондықтан баспана жайы, баспана бағасы қазақстандықтар үшін өзекті болып қала бермек.