Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда қатты желдің салдарынан бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды

AstanaTV
18.06.2023ж. 21:30
865
Атырауда қатты желдің салдарынан бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды

Атырауда қатты желдің салдарынан бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін, 18 маусымда түстен кейін Атырау қаласында жел екпіні күшейді. Қазір нөсер жаңбыр жауып тұр.

Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті уақытпен сағат 14:30 шамасында кейбір нысандардың шатыры ұшқан.

«Шатырдың төбе жабындылары жоғарғы кернеулі 10/35кВ әуе желісінің сымдарына тиген. Электр сымдары үзіліп, желіге зақым келген. Соның салдарынан Атырау қаласындағы Геолог, Томарлы, Ақжар, Ақсай, Алмалы ауылдары мен «Бірлік», «Мұнайшы», «Мирас», «Жұлдыз-1», «Жұлдық-2», «Жұлдыз-3» шағын аудандарында электр жарығы сөнді», - деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.

Қазір Атырау қалалық электр жүйесінің мамандары ақауды жою үшін жөндеу жұмыстарын жұмысын жүргізіп жатыр. Жөндеу жұмыстарына 5 мамандандырылған бригада, 8 арнайы техника тартылған.

«Жөндеу жұмыстары аяқталғасын тұрғын үйлер мен заңды тұлғалар нысандарына жарық беріледі», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.