Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астана қаласында «Есігімді қаққан кім?» атты қойылымының көрсетілімі басталады

AstanaTV
12.10.2016ж. 20:00
3410
Астана қаласында «Есігімді қаққан кім?» атты қойылымының көрсетілімі басталады

"Есігімді қаққан кім?" Бұл қойылымды елордалық көрермендер 17 қазан күні Оқушылар сарайының сахнасынан тамашалай алады. Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері жайында баяндайтын шығарманың авторы - Жабал Ерғалиев. Жазушы-драматург мұндай өзекті тақырыпты 2 жыл бұрын қолға алғанда теолог ғалымдар мен діни басқарманың мамандарынан кеңес ала отырып жазыпты.

Жабал Ерғалиев, жазушы-драматург, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Бүгінгі күні адам баласы адаспаса екен, әркім өзінің тілінде болса екен, әркім өзінің дінінде болса екен, әркімнің өзінің бір көңілінде сенімі болса екен, деген ниетпен жазылған болатын. Кейбірде дін мәселесіне байланысты айтатын болсақ, өзге біреулерді өзге дінге өткізуге әрекет жасаудың өзін мен қылмыс деп санаймын.

Қойылым алғаш Ақмола облыстық театрында сахналанған. Кейін арнайы тапсырыспен Петропавл және Қостанай, Ақтөбеде көрсетілді. Астанадағы премьера өткен жылы 2 ай дайындықтан соң Қаллеки театрында өтті. Драманың көтерген тақырыбы күрделі болғандықтан, дайындық жұмыстары оңай өтпеген.

Нұрлан Жұманиязов, қоюшы-режиссер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Үрей тудыратын басында қолға алған кезде. Мұның арты не болады? Қай жағына басымдық береміз? Сырттай тек қана біреудің қаралығын айтып қана қоймай, оған баруына не себеп болды деген сұрақтар. Өзара шығарманың туындалып жатқан кезінде кішкене қайшылықтар болды. Ақырында жақсы бір түсіністікке бардық.