Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Тұрғындардың арманы орындалды", - Әділ Сайлаубек

19.06.2023ж. 20:00
999
"Тұрғындардың арманы орындалды", - Әділ Сайлаубек

Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандары қайта құрылатыны туралы жаңалық халықты ерекше қуантты. Үш аймақтын аудан мәртебесінен айырылғанына 25 жылдан асқан. Қазір бір Марқакөл ауылында 4 мың тұрғын бар. Маңайындағы 14 елдімекен біріктірілген. Енді осы ауылдар қайта еңсе тіктемек. Аудандар 2 жылда толық қалпына келтіріледі.

Әділ САЙЛАУБЕК, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бұл Президенттің бастамасы және жергілікті халықтың арманы орындалды деуге болады. Өйткені өздеріңіз білесіздер Қатанқарағай мен Марқакөл бұл мынау шекаралас аумақта орналасқаннан кейін әрине көп дүниені қажет етеді.Ең әуелі мынау стратегиялық жер болғаннан кейін және оның әлеуетін жерінің сақтап қалу және оны ары қарай дамыту мақсатында жергілікті халықты сақтап қалу мақсатында айтып отырмын. Бұл - өте маңызды.

Айта кетейік, 2020 жылы «Аманат» партиясы шекаралас аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын қабылдаған. Оның ішінде бұрынғы аудан орталықтары Қатонқарағай мен Марқакөл де бар. Осы бағдарламаның негізінде ауылдарда ауруханалар, мектептер, спорт кешендері салынды. Жеңілдетілген несиелендіру туризм саласын дамытуға елеулі қадам жасауға мүмкіндік берді.

Мерей ҚАЙНАРҰЛЫ, ЖУРНАЛИСТ:

Қатонқарағай, Марқакөл туристік әлеуеті жағынан потенциалы өте жоғары аудан. Тек аудандар Күршім, Марқакөл Күршімге қосылып кетіп Қатонқарағай үлкен Нарынға қосылып кетіп халық саны едәуір азайды. Сол сияқты мал шаруашылығын жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы.