Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырау облысында 11 мыңнан астам ұсақ малға екпе жүргізілетін болды

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
2077
Атырау облысында 11 мыңнан астам ұсақ малға екпе жүргізілетін болды

Атырауда қозылардың жаппай қырылу оқиғасынан соң аймақтағы 11 мыңнан астам ұсақ малға екпе жүргізілетін болды. Ал індеттен арам қатқан төлдер саны әу баста хабарланғандай 376 емес, 388 басты құраған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитетінің өкілі Салтанат Әбілқасымова мәлімдеді.

Салтанат Әбілқасымова, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің өкілі:

Қазір індет ошағында арнайы шаралар жүргізіліп жатыр. Жағдайды аудан және облыс ветеринарлары бақылауына алған. Бүгінге дейінгі мәлімет бойынша 388 бас малдың қырылғаны белгілі болды. Аймақта эпизоотиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары жүріп жатыр.

Еске салайық, қыркүйектің соңында Атырауда ұсақ мал қырылған еді. Тиісті сараптамадан соң малдың пастереллез дертінен қырылғаны анықталды. Ауру шыққан Қызылқоға ауданы Ойыл аулынан мал етін өткізуге уақытша шектеу қойылған еді. Өңірде малдың қырылуы бұл ғана емес, мамыр айында 6 мыңға тарта ірі қара нодулярлы дерматит ауруына шалдығып, 600-дей бас мал арам қатқан болатын.