Қатардағы
сарбазды граната жарықшағынан құтқарған әскери қызметші мемлекеттік марапатқа
ұсынылмақ. Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы полковник Қайрат Үмбетовтің ерлігін осылай бағалады.
Оқиға
Қарағанды облысында болған. Қарабас кентіндегі оқу-жаттығу алаңында жауынгер
Абзал Сұлтанқұлов гранатаны алысқа лақтыра алмай, жарылғыш зат окоп шетіне
домалаған. Сарбазға қауіп төнгенін байқаған полковник Үмбетов оны кеудесімен
басып, жарылыстан қорғап қалды. Әскерилердің айтуынша, мұндай қауіпсіздік
шарасы болмағанда, олардың аман қалуы екіталай еді. Сөйтіп, сарбаз бен оның
командирі жеңіл жарақатпен құтылды. Оларға алғашқы медициналық көмек
көрсетіліп, артынша әскери бөлімге босатылған.
Қайрат
Үмбетов, ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімі
командирінің орынбасары:
Бұл
кез келген офицердің міндеті. Жауынгер өз күшін бағалай алмай қалған. Бұл
қару, ойыншық емес. Сондықтан ондай жағдай кез келген сәтте болуы мүмкін.
Еркін
Ботақанов, ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы:
Оқыс
оқиға. Полковник Үмбетов мына Абзалды өз денесімен қорғап, нәтижесінде екеуі де аман
қалды.
Айжан ҚУАШ