Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қытайда мейрамханада болған жарылыстан 30-дан астам адам қаза тапты

AstanaTV
22.06.2023ж. 09:06
768
Қытайда мейрамханада болған жарылыстан 30-дан астам адам қаза тапты

Қытайдың солтүстік-батысындағы Нинся-Хуэй автономиялық ауданында сұйытылған газ баллонының жарылуы салдарынан 30-дан астам адам қаза тапты.

Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20.40-та (Астана уақытымен 18.40) Иньчуань қаласындағы мейрамханада болған.

«Сұйытылған газ жылыстауы салдарынан болған жарылыстан 38 адам зардап шекті, оның 31-і оқиға орнында қаза тапты. Ал құтқарылған жеті адам ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.