$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға күш салып жатырмыз», - депутат

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға күш салып жатырмыз», - депутат

Ауылдың тұрмысын түзеу, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама көп. Бірақ барлығы мәселені бір мезетте шешпейтіні анық. Қаржы жетіспейді, келешектің еншісіне қалдырылады. Халық аманатын арқалап, депутат атанғандар оны тек мінберлерде ғана көтеріп жүрген жоқ. Өздері де қолдан келгенше көмек көрсетуде.

Қызылорда облысының іргесіндегі Сырдария ауданы Ақжарма ауылында 4 мың халық тұрады. Жол, жарық, ауыз су секілді коммуналдық мәселелер шешілген. Бірақ тұрғындардың серуендейтін алаңы жоқ болатын. Жастар бос уақытын өткізетін жер таппай қиналатын. Тарихтан сыр шертетін Тағзым алаңының да сиқы мәз емес еді. Халық аманатын арқалаған депутат 3,5 млн. теңгеге қаржы бөлді. Күрделі жөндеуден өткізді.

Құдайберген ШМАНОВ, АҚЖАРМА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Соғыстан келіп қайтыс болған ауылдағы ардагер әкелерімізді, ақсақалдарды бір жыл бойы іздестіріп жинастырдық. 127 адамның аты-жөнін анықтап енді бізге демеуші қажет болып, сөйтіп Бисенов Маратқа өтініш айттық. Бұл кісі бастамамызды қолдады. Сөйтіп белгісіз алаңын толық жөндеуден өткізді.

Ауыл халқы ас берілетін орынның да жоқтығын жиі көтеріп жүрді. Соған сай биыл мешіттің ескі ғимараты асхана ретінде қайта жаңғыртылған. Күрделі жөндеуден өтіп, толық жабдықталды. Мешіт қызметкерлерінің де жалақысын шешіпті.

Нұртуған БАТАЕВ, «БАСАПА ИШАН» МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ:

Маған және мешіт қызметкерлеріне айлық тағайындап, мешітте балаларға, ұл балалар және қыз блаларға дәріс беруге адам тағайындап, яғни мешіттің қызметінің жақсаруына үлес қосып жатқан кісі. Қазір балалар араб тілін үйреніп, Құранға түсіп, Аллах тағаланың кітабын оқып жатыр арабша түп нұсқада.

Тұрғындардың айтуынша, ауылдан сайланған «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі халықпен жиі қабылдау өткізеді. Онда ауылдың мәселелері талқыланып, шешу жолдары айтылады. Сондай ұсыныстардың нәтижесінде ауылға облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінген.

Марат БИСЕНОВ, СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНДАҒЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы ауылды көркейтуге, абаттандыруға, әлеуметтік жағдайын көтеруге көп жұмыстар атқаруды өзімнің мойыныма алғанмын. Шүкір Аллаға қазір атқарылып келе жатыр. Тіректі ауыл болдық. Президентіміздің қойған тапсырмасы «AMANAT» партиясының алға қойған саяси науқандағы бағдарламасы, сол толығымен орындалуына бар күш-жігерімізді салып, жұмыс жасаймыз.

Мемлекет басшысы «Депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн» деген болатын. Бұл халықтың билікке деген сенімін нығайта түсері анық.