Оралда
қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы косметолог Эльвира Юсупованың
ісін қарауды бастады. Жабық жағдайда өткен сот отырысына журналистер
қатыстырылмады. Косметологтың қорғаушылары түсірген өтініште күдіктіні
тұтқындау кезінде кейбір деректер ескерілмегені айтылған. Осыған орай сот
отырысы ертең де жалғасатын болды.
Еске салайық, наурыздың соңында 39 жастағы
оралдық келіншек сұлулық салонында егілген уколдан соң қайтыс болған еді. Марқұмның өліміне қатысы бар деген күдікпен
косметолог Эльвира Юсупова екі айға қамауға алынды.
Николай
Долматов, Эльвира Юсупованың күйеуі:
Әйелімді
әлі көрген жоқпын. Бірақ адвокаттан естігенім, оның жағдайы өте нашар, тіпті адамдарды
танымайды. Түнімен ұйықтай алмай, әлдебір елестер көріп шығады екен. Жылап,
істеген ісіне өкініп отыр. Қазір онымен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп
жатыр.
Еркін КАРИН