Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қостанайда 31 жастағы жүкті әйел қайтыс болды

AstanaTV
14.10.2016ж. 20:00
2776
Қостанайда 31 жастағы жүкті әйел қайтыс болды

Қостанайда 31 жастағы жүкті әйел облыстық ауруханада көз жұмды. Қазір ана өліміне қатысты арнайы комиссия құрылып, тексеру басталды.

Гүлшат Байжұманова  Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы комиссия құрылды. Оның құрамындағы дәрігерлер Гладковаға медициналық көмек көрсетпеген, сол күнгі процесске қатыпсаған басқа мамандар. Сонымен қатар ана өліміне қатысыты  фактілер республикалық штаб аясында қарастыралды. Яғни арнайы мамандар мен сарапшылар  марқұмға қай деңгейде және қаншалықты медициналық көмек көрсетілгендігі түгел тексерілетін болады.

Марқұм Оксана Гладкова қазанның екісінде жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер  екі күннен кейін оның құрсағындағы баланың өлі екенін естіртіп, ота жасау керектігін айтыпты. Отадан кейін жас ана  жансақтау бөліміне ауыстырылады. Бірақ бір күннен соң көз жұмған. Алдын ала жасалған болжамға сәйкес, бүйрек жұмысы бұзылған. Ал марқұмның туыс-туғандары құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Облыстық ауруханада мұндай оқиға екінші рет қайталанып отыр. Тамыз айында алыс ауданнан жеткізілген жас келіншек қайтыс болған еді. 

Заңғар САНАЙ