Белгілі әнші, актриса әрі тележүргізуші Анар Батырхан әйгілі Болливуд актері Шакрух Ханға ессіз ғашық екенін айтты. Тележүргізуші бұл жайлы БазарLike бағдарламасында айтқан, деп жазды kyn.kz.
«Үнді музыкасына деген қызығушылық Шакрух Ханға деген махаббаттан басталды. Шакрух Ханға ғашық болып қалдым. Фильмін көрдім. Болды, басым кетті. Олардың әндеріне, мәдениетіне, фильмдеріне, аксессуарларына қызыға бастадым. Менде өте көп сырға, білезіктер бар. Соған қызығушылық Шакрух Ханнан басталды. Бірақ қазір Шакрух Ханға деген махаббатымды кішкене бәсеңдеттім. Себебі маған тұрмысқа шығу керек. Ессіз ғашықпын. Жаным… Ол қазір менің атаммен жасты. Егер Шакрух Хан ұсыныс жасаса, әрине, мен тиемін. Жасына қарамаймын. Тап сол Шакрух Хан ұсыныс жасаса, жасына да, ұлтына да қарамаймын. Басқа біреу болса, қараймын», — деді әнші әрі актриса Анар Батырхан.