Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты (№2 Сарыарқа аудандық соты) заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін үш адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық сотының сайтына сілтеме жасап.
Сотталушылар покер ойынын ұйымдастырып, заңсыз 44 млн теңге сомасында пайда тапқан. Заңсыз құмар ойын ұйымдастыру үшін олар қонақүйлерді, пәтерлерді жалға алып, онда дилерлер мен ойыншыларды шақырған жәге тегін тамақпен және сусындармен қамтамасыз етіп отырған.
К. мен С. кінәларын жартылай мойындады. Т. жауап беруден бас тартты, бірақ сотқа дейәнгі тергеу барысында берген жауабын растады.
Сотталушылардың кінәсы оқиға орнындағы заттармен, деректермен, сараптама қорытындысымен және ақшалай қаражат көшірмесімен, басқа да қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
Сот олардың бірінің кішкентай баласының барын, қалған екеуінің жас екендігін ескеріп, жазасын жеңілдетті. Сот үкімімен сотталушылар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ