Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Атырауда қабаған ит ер адам мен полицейді жарақаттады

AstanaTV
24.06.2023ж. 18:13
905
Атырауда қабаған ит ер адам мен полицейді жарақаттады

Мас атыраулықтың қабаған итінің шабуылынан екі адам жарақат алды. Оның бірі – полиция қызметкері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін, 24 маусымда болған. Қабаған иттің иесін ұстау сәті Іnstagram әлеуметтік желісінде жүктелді.

Бұл деректі облыстық полиция депрартаментінң баспасөз қызметі растады.

«Жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:15 шамасында 102 операторына Атырау қаласының «Авангард-2» шағын ауданындағы көпқабатты үйдің біріне 1999 жылға әйелдің кіре алмай тұрғанын жөнінде хабар түсті. Осыған байланысты патрульдік полиция батальонының жаяу қызметкерлері аталған үйдің ауласына келді. Хабар берген әйел мен танысына белгісіз ер адамның тиісіп, Стаффорд тұқымдас итін бағыттағаны анықталды. Қабаған ит 1992 жылғы ер адамның қолын тістегені анықталды. Кейін ер адам қабаған итін полиция қызметкерлеріне бағыттап, қашып кетуге оқталды. Оқиға орнына автопатрульдеу экипажының қызметкерлері көмекке келді. Полицейлер ҚР Құқық қорғау органдары туралы заңының 61-бабының 6-тармағына сәйкес арнайы құралдарды қолданып, итті залалсыздандырды. Ал, иттің иесі медициналық куәландыру қорытындысымен мас күйде болғаны дәлелденді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қабаған иттің шабуылынан патрульдік полиция батальоны қызметкерінің беті жарақаттанған. Полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Ал, иттің иесі – 1991 жылғы ер адам жедел-тергеу тобына жеткізілген.