Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Парламент сөзі» сыйлығы: 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды

26.06.2023ж. 20:00
942
«Парламент сөзі» сыйлығы: 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында Мәжіліс Төрағасы еліміздегі заң шығару ісі мен жүргізіліп жатқан реформаларды насихаттау жұмысындағы отандық журналистиканың алатын орны мен атқарылып жатқан істерге тоқталды. Сондай-ақ, 7 номинация бойынша «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды. Биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр. Жеңімпаздар арасында "АСТАНА" телеарнасы да бар. Телеарна ұжымы "Парламент сөзі" байқауының арнайы сыйлығымен марапатталды.