Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жезқазғандағы музыкалық колледждің шатырын жел жұлып әкетті

AstanaTV
27.06.2023ж. 07:53
732
Жезқазғандағы музыкалық колледждің шатырын жел жұлып әкетті

Жезқазғанда аумағы 400-500 шаршы метр ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«26 маусым күні сағат 16:25-те Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күштер мен құралдарды басқару орталығының 112 диспетчерлік пунктіне Жезқазған қаласы, Байқоңыр көшесі, 17-үйге қатты желдің салдарынан залал келгені туралы хабарлама түсті. Жезқазған музыкалық колледжі ғимаратының шатыры жартылай бүлінген. 400-500 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимараттың шатыры ұшып кеткен», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ деп қосты.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сол күні Жезқазған қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барған.