Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританиядағы Истбурн WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Дезире Кравчик – нидерландылық Деми Схюрспен шеберлік байқасты.
Америкалық-нидерландылық жұп екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйспен бірге 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қазақстандық-қытайлық дуэт ештеңемен ерекшеленген жоқ.
Анна Данилина алдағы аптада басталатын Уимблдон турнирінде өнер көрсететін болады.