Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елордада «Құрбан айт» мерекесіне орай мыңнан астам отбасына қайырымдылық себеті таратылды

29.06.2023ж. 20:00
726
Елордада «Құрбан айт» мерекесіне орай мыңнан астам отбасына қайырымдылық себеті таратылды

Елордада «Құрбан айт» мерекесіне орай мыңнан астам отбасына қайырымдылық себеті таратылды. Игі шараға Астана қаласының әкімдігі мен Qazaq oil компаниясы мұрындық болды.

Қайырымдылық шарасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына құрбандықа шалынған малдың еті мен азық-түлік себеттері таратылды. Онда күнделікті қолданыстағы ұн, қант, күріш, май, тұз секілді басқа да қажетті заттар бар. Бір қораптың салмағы шамамен -40 келі.

Қуаныш МОЛДАБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Жыл басында қала әкімдігі Qazaq Oil компаниясымен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында меморандумға қол қойған болатын. Жыл соңына дейін біз мұқтаж отбасыларға 4 мыңнан астам азық-түлік пакетін жоспарлап отырмыз. Бұл - қажетті заттар.

Әлеуметтік осал топтағы адамдар жергілікті әкімдіктің ерекше назарында. Ол отбасыларға ірі компаниялар да әрдайым қолдау көрсетіп, көмек қолын созады.

Әсел ӘЛІМХАНОВА, «QAZAQ OIL» КОМПАНИЯСЫНЫҢ PR-ДИРЕКТОРЫ:

Жыл басында Астана әкімдігімен меморандумға қол қойып, тоқсан сайын мың отбасын азық-түлік пакетімен қамтамасыз етуді жөн көрдік. Яғни, жиынтықтарға адамдарға ең алдымен қажет нәрсенің бәрі кіреді. Бұл бір реттік акция емес, біз бұл әрекетті әлі жалғастырамыз.

Азық-түлік себетін алғандардың арасында көпбалалы ана Гүльбина Күшербаева да бар. Ол бәріне алғысын айтып, келгендерді құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Гүлбина КҮШЕРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бізге осындай көмек ұсынып жатқандарыңызға ризамыз. Осындай отбасыларға көмек көрсету арқасында кім қалай өмір сүріп жатыр, кім қандай жағдай да өмір сүріп жатыр, жағдайларын көріп соларды бағалап, бақылап кетеді. АЛЛА разы болсын! Алғысымыз шексіз.

Айта кетейік, бұндай игі шара жыл сонына дейін жалғасады. Сол аралықта 4 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілмек. Егер қайырымдылық іске атсалысам деген меценеттар мен кәсіпкерлер, өзге де азаматтар болса үлес қосуға шқырамыз дейді ұйымдастырушылар.