Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Атырау облысының әкімі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
1191
Атырау облысының әкімі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді

Атырау облысының жаңа әкімі Нұрлан Ноғаев бүгін жергілікті БАҚ өкілдерімен алғаш рет кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Төрт жыл Батыс Қазақстан облысын басқарған шенеуніктің Атырау облысына әкім болып тағайындалғанына екі апта өтті. Дегенмен, өзі бұл аймаққа әлі үйрене қоймаған сыңайлы.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

Бүгін сіздерге Батыс ... ыы Атырау облысында жасалған жұмыстар туралы баяндауға рұхсат етіңіздер. Көрдіңіздер ме, жаңылысып жатырмын, Атырау облысының.

Нұрлан Ноғаев облыстың атауынан жаңылғанымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысындағы негізгі көрсеткіштерге келгенде, сүрінбеді. Атап айтар болсақ, мүлікті заңдастыру жұмыстары өңірде кедергісіз атқарылып жатыр. Бүгінге дейін шет мемлекеттердегі 106 млн теңгенің мүлкі жария етіліп, заңды  тіркеуге алынған. Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 101 млрд теңгені құрайтын 45 жоба іске қосылыпты.  
 
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ