$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Ғылымды қажет ететін өндірістер ашу үшін шығыста барлық жағдай жасалған - Д.Ахметов

AstanaTV
07.04.2016ж. 20:00
1636
Ғылымды қажет ететін өндірістер ашу үшін шығыста барлық жағдай жасалған - Д.Ахметов

«Ғылымды қажет ететін өндірістер ашу үшін Шығыс Қазақстанда барлық жағдай жасалған». 100 нақты қадам Ұлт жоспарын іске асыруға байланысты өткен баспасөз мәслихаты барысында өңір басшысы Даниал Ахметов осылай деді.

Облыстағы алпауыт кәсіпорын титан-магний комбинатында өндірілетін металл медицинада кеңінен қолданылады. Мәселен, стоматологияда тісті протездеу мен пломбалау кезінде пайдаланылатын титанды шегелер, жүрекке ота жасау қондырғыларының бөлшектері зор сұранысқа ие. Бүгінде Қазақстан металлды сыртқа сатып, құны шикізаттан бірнеше есе қымбат дайын өнімді импорттайды. Осы орайда әкім металлдан жасалатын қарапайым өнімдер шығаруды ұсынды. 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Бізге магнит-резонансты томографияны жасаудың қажеті жоқ. Онымен Жапония, Германия, АҚШ сияқты елдер айналысып жатыр. Біз қыруар ақша тұратын бірегей сымдар шығарайық. Әр магнит-резонансты томография құрылғысына 3 мың метрден астам сым кетеді. Бұл қолдан келетін нәрсе. 

Абзал ҚҰРМАНКИН