Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Дина Төреәлі ағасы тұңғыш қызының есімін не себепті ауыстырғанын айтып берді

AstanaTV
30.06.2023ж. 23:57
974
Дина Төреәлі ағасы тұңғыш қызының есімін не себепті ауыстырғанын айтып берді

Танымал әнші Төреғалидің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желіде отбасына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Төреғали Төреәлінің тұңғыш қызының есімі алғашында Томирис болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Осыған қатысты оқырманның: “Кәусардың есімі әуелі Томирис болған екен. Құпия болмаса не үшін өзгерттіңіздер?” деген сауалына Дина Төреәлі: “Ата-әжесі, ата-анасы солай шешті. Томирис деген есім кішкентай қызға ауыр болады деп ойлады”, – деп жауап берді.

Бүгінде бір үйдің келіні атанып отырған Дина әлеуметтік желіде оқырманын түрлі, ерекше тағамдармен таңғалдырудан жалықпайды. Мұны байқаған көпшілік тәрбиелі жердің қызы екенін айтып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

“Негізі әкешім аузымнан не шықса да бәрін істеп, айтқанымды алып беріп, өте ерке қылып өсірген. Сол еркелікке тәлпіштенбей, есірмей өскенм анашымның мықты тәрбиесінің арқасы. Сол үшін қуанамын. Маманың “ей, қыз ей” деген сөздері болмаса қазір қандай болатынымды елестете алмайды екенмін”, – дейді Дина Төреәлі.