Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Наоми Кэмпбелл 53 жасында ұлды болды

AstanaTV
30.06.2023ж. 18:03
518
Наоми Кэмпбелл 53 жасында ұлды болды

Сән әлемінің танымал жұлдызы Наоми Кэмпбелл 53 жасында екінші рет ана атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат супермодельдің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Кішкентай қымбаттым, осы өмірге келіп, бізді қуантқан сәтіңнен бастап, махаббатымызбен аялайтынымызды біл. Құдайдың берген шынайы сыйы! Тәңір жарылқасын! Қош келдің, Балақай. Ана болу ешқашан кеш емес», - деп жазды ол.