Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодар облысы Ақтоғай ауылы суының құрамынан қорғасын табылмады

AstanaTV
17.10.2016ж. 20:00
5513
Павлодар облысы Ақтоғай ауылы суының құрамынан қорғасын табылмады

Павлодар облысы Ақтоғай ауылындағы судың құрамынан қорғасын табылмады. Бұл туралы бүгін өңірдегі тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері хабарлады. Мамандардың айтуынша, су құрамы қосымша тексерілген. Сынаманың қорытындысы суда қорғасынның жоқтығын анықтапты. Яғни тіршілік көзінде деңгейі қалыпты. Айта кетері, сараптама Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының бес зертханасында жүргізілген. Десе де, тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандары су сапасын бақылау жұмыстарын жалғастыратындығын мәлімдеді.

Ирина Сорокина, Павлодар облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Біз шамамен 30 сынама алдық. Барлығы аудан орталығынан. Сонымен қоса, оған жақын маңдағы ауылдардың суын, кешенді блок модулдері мен Ертіс өзені суын да тексердік. Оларда да қорғасын табылмады. Қазіргі талап - күн сайын мониторинг жүргізу. Яғни біз судың сапасын тексеруді жалғастыратын боламыз.  

Еске салсақ, қазанның 8 мен 9 күндері Ақтоғай ауылындағы елді мекеннің ауыз суы жоспарлы түрде тексерілді. Алынған сынамаларда оның құрамында қорғасынның болуы мүмкін деген қауіп туындады. Осыған байланысты қазанның 11-де ауылда орталықтандырылған су жүйесі тоқтатылып, таза ауыз су жеткізу ұйымдастырылды. Бүгінде су қайта беріле бастады.