Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Астана» сырт алаңда «Каспийді» жеңді

AstanaTV
03.07.2023ж. 08:15
732
«Астана» сырт алаңда «Каспийді» жеңді

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде елордалық «Астана» кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордалық команда 13-турдың кейінге қалдырылған ойынында Ақтауда жергілікті «Каспиймен» шеберлік байқасты.

Кездесу барысында «Астана» сапынан Абат Айымбетов 31-минутта есеп ашса, ақтаулық команда Дмитрий Подстрелов 66-минутта таразы басын теңестірді.

Ал 77-минутта Дембо Дарбо пенальтиден қайтадан «Астананы» алға шығарды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.