Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Жұқтырған әрбір үшінші адам қайтыс болады": туберкулездің жасанды штамы пайда болғаны рас па?

AstanaTV
03.07.2023ж. 08:43
681
"Жұқтырған әрбір үшінші адам қайтыс болады": туберкулездің жасанды штамы пайда болғаны рас па?

Желіде Ұлыбританияда туберкулездің жаңа, қолдан жасалған және елге сырттан әкелінген штамы таралып жатқаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада оны жұқтырған әрбір үшінші адамның қайтыс болатыны айтылған. Бұл қаншалықты рас? Мұны Stopfake.kz сайты анықтап көрді.

Сайттың жазуынша, Ұлыбританияда туберкулездің жаңа, синтетикалық штамы өршіп тұрғанына "дәлел" ретінде пайдаланушылар Daily Mirror газетінің 2023 жылғы 5 маусымдағы бірінші бетінің суретін келтіріп отыр.

Тақырыпта британдық профессор вакцина жасау үшін жедел әрекет етуге шақырады, әйтпесе туберкулез жұқтыру жағдайларының саны COVID-19 көрсеткіштерінен асып түседі.

Stopfake.kz сайтының анықтауынша, мұндай мұқаба бар және оны интернеттен табуға болады. Ал мақаланы толық Daily Mirror сайтынан оқуға болады. Ол 2023 жылдың 4 маусымында, яғни басылымның баспа нұсқасы шыққанға бір күн қалғанда жарық көрген.

Мақалада Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Ұлыбританияда адамдар туберкулезбен жиі ауыратыны туралы жазылған. Яғни, жыл сайын елде 100 000 тұрғынға шаққанда 7,8 ауру жұқтыру жағдайы тіркелетіні, бұл ретте науқастардың үштен бірі туберкулездің кейбір түрлері дәрі-дәрмектерге төзімді болғандықтан көз жұматыны айылған.

Сондай-ақ мақалада туберкулезден қорғайтын БЦЖ вакцинаны салдыру Ұлыбританияда 2005 жылдан бері міндетті емес екені жазылған. Бұдан бөлек, мақалада БЦЖ ауру жұқтырудан толық қорғай алмайтындығы атап өтілген.

Мақалада сәби кезінде вакцина алған балаларда иммунитет тек жасөспірім кезге дейін сақталатыны, содан кейін вакцинаны қайта алу керек екені де жазылған. Мақала кейіпкері, Кейптаунда туберкулезді зерттеумен айналысатын профессор Роберт Уилкинсон әлемді, соның ішінде Ұлыбританияны аурудан қорғаудың жалғыз жолы – өмір бойы иммунитетті қамтамасыз ететін вакцина әзірлеу және оны міндетті ету деп санайды.

"Алайда мақалада Ұлыбританияда қолдан жасалған және елге әдейі сырттан әкелінген туберкулездің жаңа штамы анықталғаны туралы жазылмаған. Демек, таралған ақпарат – фейк", - деп жазады Stopfake.kz сайты.