Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Оралда төртінші баласын қоқысқа тастай салған анаға қатысты сот үкімі шықты

AstanaTV
03.07.2023ж. 15:57
728
Оралда төртінші баласын қоқысқа тастай салған анаға қатысты сот үкімі шықты

Орал қаласында төртінші баласын қоқыс жәшігіне тастаған көп балалы ананың ата-ана болу құқығы шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Оның жас балаға қатысты ата-ана ретіндегі құқығы шектеулі болды. Сондай-ақ одан ай сайын табысының төрттен бір бөлігі мөлшерінде баланы асырауға алимент өндіріледі. Қазіргі уақытта балалар мамандандырылған үйі сәбидің тәрбиесімен айналысады”, — деді сотта.

Сотта егер оның ата-ана құқықтарын шектеу себептері жойылса, онда бала анасына қайтарылуы мүмкін деп қосты.

Айта кетсек, нәрестесін тастаған 25 жастағы ананың үш баласы бар. Үшеуі де мектеп жасына толмаған. Үшінші сәбиіне жүкті кезінде "Ана үйінің" мамандары көмек көрсеткен.

"Ол үшінші баласына жүкті болған кезде бізден көмек сұрады. Біз оған киім-кешек, тамақ жағынан көмектесіп, еріктілерді жәрдемге жұмылдырдық. Бірақ оның төртінші баласына жүкті екенін білмедік. Білсек, міндетті түрде көмектесер едік. Ол өзі де бізден көмек сұрамады. Ананы да түсінуге болады. Бәлкім денсаулығында ақау болуы мүмкін. Жүктілік кезінде депрессияға түскен болуы ықтимал. Күйеуімен ажырасқан жалқызбасты ана болғандықтан күйзелісте жүрген де шығар. Әйелдің айтуы бойынша, ер адам алимент төлемеген, бірақ ол АӘК алған. Соңғы рет жаңа жылдың алдында барып, балаларға сыйлықтар алып барғанбыз. Бірақ ол бізге жағдайын айтпады", – деді "Аналар үйі" орталығының маманы Зәмзәгүл Шқанова.