$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Францияда тәртіпсіздік жасаған 1000-нан астам адам тұтқындалды

03.07.2023ж. 20:00
886
Францияда тәртіпсіздік жасаған 1000-нан астам адам тұтқындалды

Францияда жетінші күн дегенде қақтығыс тоқтады. Тәртіпсіздік жасаған 1000-ға жуық адам тұтқындалды. Дүрбелеңге алжирлік 17-жастағы жүргізушінің жол ережесін бұзғаны үшін полицияның оғынан қаза табуы себеп болған. Морадерлар көліктерді өртеп, дүкендерді тонап, қала әкімшіліктері мен полиция бөлімшелерін шабуылдаған. Қақтығысты тоқтату үшін 45 мыңға жуық тәртіп сақшысы жұмылдырылған еді. Тәртіпсіздік тоқтағанымен көшелерден темір қоршаулар алынған жоқ.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

Әлеуметтік желілерде мен зорлық-зомбылыққа шақырған бірнеше бейнелерді көрдім. Өкінішке орай, көптеген адамдар мұны әрекетке шақыру ретінде қабылдады.
Тәртіпсіздіктер бүкіл Францияда болған жоқ. Менің ойымша, кейбір адамдар оларды қалағанын жасау мүмкіндігі ретінде қабылдады. Бірақ бұл қарапайым құбылыс емес.

Елдің Әділет министрі Эрик Дюпон Моретти бүлікшілерді қатаң жаза күтіп тұрғанын айтты. Олар Париждің маңындағы коммуна мэрінің үйіне шабуыл жасаған. Салдарынан мэрдің жұбайы жарақат алды. {СНХ}

Венсан ЖАНБРУН, ЛʼАЙ-ЛЕ-РОЗ КОММУНАСЫНЫҢ МЭРІ:

Әрине, олар үйді өртеп жібергісі келді. Біз қатты шаршадық, қайғырдық, ашуландық, қорқып кеттік, соған қарамай біз әлі де тік тұрамыз. Мен ауруханаға барғанымда, маған әйелімнің операциясы сәтті өткенін айтты. Ол жақында қатарға қосылады.