Таразда
көшеден табылған 3 жасар сәбидің анасы табылды. 40 жастағы келіншек Алтынай
Байқоңырова баласын әдейі қалдырып кеткенін мойындаған. Прокурорларға берген
түсінігінде ол баласын бағып-қағуға жағдайы жоқ екенін айтыпты.
Еркін
Қуанышев, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:
Тұратын
жері жоқ, жұмысы жоқ, балаларды апаратын жері жоқ болуына байланысты,
мемлекеттік мекемеге өткізуге қарсылығы жоқ екенін білдірді. Бүгін Алтынай
Байқоңырованы біз облыстық әлеуметтік, еңбекпен қамсыздандыру басқармасына
қарасты «Кризистік орталыққа» орналастырдық. Ата-аналық құқығынан айыру туралы
шаралар қолдану үстінде.
Тілі
толық шықпаған Алихан бір аптадай бұрын табылған еді. Ол тек өз есімі мен
анасының атын ғана біледі. Құзырлы орган мамандары балақайды кәмелетке
толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған. Алтынай Байқоңырованың бұдан
басқа тағы екі баласы бары анықталды. Полиция 11 және 7 жастағы ұлдарын да
бейімдеу орталығына орналастырды. Бұған
дейін қос жеткіншек туыстарының үйін паналап келген.
Данияр ӘЛІМҚҰЛ