Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Астанада балабақшаның екі қызметкері жұмыс уақытында мас күйде жүрген

AstanaTV
05.07.2023ж. 18:14
633
Астанада балабақшаның екі қызметкері жұмыс уақытында мас күйде жүрген

Әлеуметтік желілерде Астанадағы балаларға арналған шағын орталықтардың бірінде мекеме басшысы мен тәрбиеші мас жүргені жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазбада олардың ауруханаға жатқызылғаны (мас күйде) айтылған. Балалар ата-анасына тапсырылды.

Елорда полицейлері бұл ақпаратқа түсініктеме берді.

"4 шілдеде "102" арнасына балабақшадағы тәрбиешілер ес-түссіз жатқаны, балалар бақылаудан шығып кеткені туралы ақпарат түсті. Келе сала полиция педагогтардың мас екенін растады. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Балалар ата-аналарына тапсырылды", – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Алматыда тағы бір жекеменшік балабақша рұқсатсыз жұмыс істеп, онда балалар антисанитарлық жағдайда болған.