Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Қытаймен шекарада автомобиль өткізу бекеттері 1 күнге жабылды

AstanaTV
06.07.2023ж. 09:46
790
Қытаймен шекарада автомобиль өткізу бекеттері 1 күнге жабылды

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері 6 шілдеде жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. 

"2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан астанасы күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылар мен шекарадан өткісі келетіндердің барлығынан белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.