Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Футзалдан әлем чемпионаты: Іріктеу сатысының ойын кестесі анықталды

AstanaTV
06.07.2023ж. 10:32
702
Футзалдан әлем чемпионаты: Іріктеу сатысының ойын кестесі анықталды

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңінің ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамалары.

Қазақстандық футзалшылар алғашқы ойынын 15 қыркүйекте сырт алаңда Нидерландқа қарсы өткізеді. Одан кейін 20 қыркүйекте өз алаңында Румынияны қабылдаса, 6 қазанда сырт алаңда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.

Ал 11 қазан мен 14 желтоқсанда өз алаңында Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен кездесе, 20 желтоқсанда Румынияға барады.

Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.

2024 жылғы қыркүйек-қазан аралығында әлем чемпионаты Өзбекстанда өткізіледі.