Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық монеталар екі күнде сатылып кетті

AstanaTV
18.10.2016ж. 20:00
3068
Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай шығарылған мерейтойлық монеталар екі күнде сатылып кетті

Ұлттық банк Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай мерейтойлық монеталар шығарды. Номиналы 100 теңге.  Алаш қозғалысының көшбасшысына деген құрмет болар, 100 000 данамен шыққан теңге небәрі 2 күннің ішінде сатылып кеткен. Салмағы 11,7 грамм болатын нейзильбер қорытпасынан жасалған. Тағы бір айта кетерлігі, бұл тек коллекциялық ақша емес, айналымда да еркін қолдануға болады. Биыл қоғам және мемлекет қайраткерінің 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек. Алаштанушы ғалымдар: "Бұл ақпарат та монетаға енгізілуі керек еді",-  дейді.

Сұлтанхан Аққұлұлы, Әлихантанушы ғалым, «Алаш» ғылыми зерттеу институтының директоры:

Әлиханның 150 жылдығына арнап қымбат металлдан, Алаш автономиясының 100 жылдығына қымбат металлдан монета шығарып, мейлінше кең насихаттайтын болса, бұл да бір тарихты насихаттаудың бірден бір керемет жолы. Монетаның дизайнын жасау барысында, монетаға жазылған жазбалар бар, тағы басқа сипаттамаларында Әлиханның Алаш қозғалысына деген көптеген қателіктер кетіп қалған. Бірақ жаңағы ескертуден кейін Ұлттық банк алаштанушы ғалымдармен, зерттеушілермен байланысып жұмыс атқарамыз деген үміттеміз.