Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясы Әдеп кодексін талқылады

AstanaTV
18.10.2016ж. 20:00
3786
«Нұр Отан» партиясы Әдеп кодексін талқылады

Ақмола облысында тұрғын үй мәселесінің жылдық жоспары 122 пайызға орындалып қойған.  Облыс орталығында, Атбасар, Есіл аудандарында тұрғын үйлер қарқынды түрде салынып жатыр. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов осылай деді.

Ғалым Бекмағамбетов, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Қазіргі таңда барлық бағдарламалар бойынша жылдық жоспар уақытылы атқарылып жатыр. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы да бар. Мемлекеттен және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың барлығы орнымен жұмсалып жатыр. Тоғыз айдың көрсеткішіне сүйенсек, тіпті жоспардан алда келеміз. Мысалы, тұрғын үй салу мәселесінде жылдық жоспар тоғыз айдың ішінде 122 пайызға орындалып қойды.

Жиында «Нұр Отан» партиясы бақылау комитетінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Сонымен қатар, республика бойынша партиялық бақылау жұмысындағы кемшіліктер де сөз болды. Атап айтқанда, филиалдарда партиялық жауап қату шараларын негізінен соттың үкімі күшіне енгеннен кейін ғана қолдану қалыптасқан. Ал нұсқауға сәйкес жедел жауап қату қажет. Сондай-ақ партиялықтардың жүріс-тұрысы, әдеп сақтауына байланысты жедел шара қабылдау қарастырылды. Бұл ретте 2015 жылы қабылданған партияның Этика кодексі бұзылмауы тиіс. Сондай-ақ, партияға келіп жатқан жастарда мемлекетке үлес қосам деген ниет пен тәртіптің қатаң сақталуы керек, - деді жиынға қатысқандар.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жемқорлық мәселелері. Ол да этикаға жатады. Не болмаса қызметін пайдаланып заңды бұзу, өзінің қызметтік жағдайында өзінің өкілеттігін артық пайдалану. Сондай нәрселерге бармау керек.