Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елбасы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

AstanaTV
19.10.2016ж. 20:00
2260
Елбасы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Өткен 9 айдың қорытындысын баяндаған Үкімет басшысы азық- түлік бағасы үнемі жіті қадағалауда тұрғанын айтты. Ал бірқатар үкіметтік бағдарламалар сәтті жүзеге асқан.

Елбасы биыл қолға алған істерді келер жылы да жүйелі жүргізуге бар мүмкіндік жасалғанын айтты. Сондай-ақ жиналған егістіктерді экспортқа шығару жұмыстарын мықтап тапсырды. Өйткені астық өндіруші елдерде де егін бітік шығып, нарықта бәсекелестік туындауы мүмкін. Өз кезегінде премьер-министр Қашаған кен орнынан тәулігіне 90 мың баррель мұнай игеріліп жатқанын айтып, ал халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары мерзімінен кешіктірілмейді деп уәде етті.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Экономикаға 481 млрд теңге қосымша бердіңіз. Оны бюджеттен қосымша ретінде Парламентте қарап бекітті. Жоспарды бекіттік. Әкімдермен жұмыс жасадық. Бүгінде қаржының бәрі жергілікті бюджеттерге жетіп, тапсырма қойып отырмыз. Бөлінген ақша дұрыс игеріліп, тапсырма жыл соңына дейін орындалу керек. Бұл әсіресе тұрғын үйге қатысты. 

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ