Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Алтын Орда" базарын белгісіз топ басып алды

10.07.2023ж. 20:00
920
"Алтын Орда" базарын белгісіз топ басып алды

Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарына қатысты дау әлі басылар емес. Сауда орталығына баса көктеп кіріп, күзетшілерді қорқытқан белгісіз топ, енді базарды толық басып алып, сатушыларды өз дүкендеріне кіргізбеу үшін қоршаулар орнатқан. Әділетсіздік пен үркітулерден әбден шаршаған кәсіпкерлер тәртіп сақшыларының әрекетсіздігіне шағымданып отыр.

Бақытгүл ӘБІКЕНОВА, «АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫ КАДР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Таңғы бесте келіп біздің офисімізді захват жасапты, рейдерский захват. Біз бүгін таңертең жұмысқа келіп тұрмыз 4 күн демалыстан кейін, бізді кіргізген жоқ, офисқа кіре алмадық. Екі охрана екі топпен қойып қойған. Көздерінде очки, бетінде маска.

Бұл жағдайға байланысты базар әкімшілігі құзырлыларға бірнеше мәрте жүгінген, алайда ешқандай нәтиже болмаған.

Ермек ОМАРОВ, «АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Мына құқық қорғау органдарынан ешқандай действие жоқ. Наборот мына заңсыз жүрген кісілерді-осыларды қолдап отыр. Халықтың жағдайын ешкім ойлап жатқан жоқ.

Мейрам ӘБІКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ағымдағы жылдың 5 маусымында Алтын Орда базарының иелері және жалға алушылар арасында жалға беру туралы шарт жасалған. Бұрынғы шарттың бұзылуына қарамастан қызметкерлердің жұмысына алдыңғы күзет агенттігінің қызметкерлері кедергі жасаған. Осы дерек негізінде ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.