Сириядағы
жағдай - әлемге төнген қауіп. Ал ондағы шиеленіс барлық ел біріккенде ғана
шешімін табады. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев «CNBC Arabia» телеарнасына
берген сұхбатында осылай деді.
Жүргізуші:
Өзіңіз
атап өткендей, Сирия мәселесі өте күрделі, әлі шешімін тауып жатқан жоқ. Сіздің
ойыңызша, Сириядағы дағдарыс жақын арада шешімін таба ма, жоқ әлі ұзаққа созыла
ма?
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ең
бірінші мәселе - бұл жерде мүдделі барлық мемлекеттер келісіп бір жерден сөз шығаруы қажет. Әсіресе араласып жатқан
үлкен мемлекеттер. Өкінішке орай, әрқайсысы өздерінің мүддесін ойлап, әртүрлі
жағдаймен кіріседі. Әрқайсысының өз мүддесі бар. Лаңкесте қатынасып жүрген
адамдар соған қолданады. Біріне бірі қайшы қояды, сол қарсылықтан өздеріне орын
табады. Сондықтан менің ұсынысым БҰҰ аясында бүкіл дүниежүзілік қоғамдастық
бірлесіп лаңкестікке қарсы тұру керек, тағы Сирияның мәселесін шешу керек. Басқа
жол жоқ деп санаймын. Себебі бұл барлық мемлекеттерге қауіп. Басқа дүние бізді
білмейтін, батыс елдері бұның барлығы мұсылмандардан шығып отыр деп ойлайды.
Лаңкестік пен мұсылманның арасында ешқандай теңдік жоқ. Барлық елдер бірігіп
қарсы шықса, оны жеңуге болады.
Саламат
ОМАШ