Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шымкентке "Қызыл кітапқа" енген сервалдар әкелінді

AstanaTV
19.10.2016ж. 20:00
5489
Шымкентке "Қызыл кітапқа" енген сервалдар әкелінді

Шымкент зообағын мекендеушілердің қатары африкалық сервалдармен толықты. Ирина және Ким есімді мысықтұқымды жануарлар Новосібір зообағынан сатып әкелінген. Қазір жылы жерге орналастырылыпты. Әзірше карантиндік жағдайда. Зообақ мамандары олардың өздерін еркін сезінетінін айтты. Көпшілікке ортаға бейімеделген соң ғана шығарылатынын айтады.

Айта кетейік, сервал - "Қызыл кітапқа" енген жыртқыш. Мысықтұқымдасына жататын олар ел аумағында бұрын-соңды болмаған. Тіпті алыс-жақын шет мемлекеттердің өзінде санаулы ғана, - дейді зообақ директоры. Осылайша хайуанаттар бағындағы аң-құстардың түрлері 168-ден 235-ке жеткен. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ