Өзбекстанда
президенттікке үміткерлер анықталды. Бірақ олардың ешқайсысы Орталық сайлау
комиссиясына барып, кандидат ретінде тіркелмеген. Бұл туралы комиссияның
баспасөз хатшысы хабарлады.
Низаметдин
Нұрматов, Өзбекстан ОСК баспасөз қызметінің басшысы:
Сайлауға
қатысатын барлық партиялар құрылтай өткізді. Үміткерлерді ұсыну 65 күн қалғанда
басталып, 45 күн қалғанда аяқталады. Одан кейін құжат қабылдау басталады да 7
күн ішінде орталық сайлау комиссиясының үндеу парақтарының дұрыс толтырылғаны
тексеріліп, үміткердің кандидатурасын бекіту мәселесі қарастырылатын
болады.
Өзбекстан
президентінің міндетін уақытша атқарып жатқан премьер-министр Шавкат Мирзиеев
мемлекет басшылығына үміткер ретінде ұсынылып отыр. Бұған дейін
"Өзбекстанның либералдық-демократиялық
партиясы" саяси кеңесінің
отырысында Мирзиеев кандидатурасы қолдау тапқан болатын. Өзбекстанның Халық-демократиялық партиясының төрағасы Хотамжон Кетмонов,
«Адолат» социал-демократиялық партиясынан Нариман Умаров және «Милли тикланиш» демократиялық партиясынан Сарвар
Отамуратов өз партияларының құрылтайларында президенттікке лайық деп танылған.
Ала шапанды ағайын 4 желтоқсанда өз көшбасшысын сайлайды.
Айбек
ҚОСАНОВ