Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылжарда мәжілісмендер студенттік жатақхананың құрылысына алаңдаушылық білдірді

14.07.2023ж. 20:00
1253
Қызылжарда мәжілісмендер студенттік жатақхананың құрылысына алаңдаушылық білдірді

Қызылжарда мәжілісмендер студенттік жатақхананың құрылысына алаңдаушылық білдірді. Нысан 1200 орынға лайықталған. Былтыр басталған құрылыс жақсы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Алайда, инженерлік желілерге қатысты мәселе туындауда. Құрылыстың қасында орналасқан үш жеке баспана әлі бұзылмағандықтан, коммуникациялық құбырларды тарту мүмкін болмай тұр.

Еркебұлан МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Инфраструктура дейміз. Ол шешілмеген мәселе. Мынау бұзылатын үйлер әлі сатылып алылбаған, жол төселмеген. Бұл ертең кешігіп қалса, ол ертең осы құрылыс созылып кетеді деген сөз ғой. Қазір осы бақылаудан кейін тапсырма беріп, жергілікті атқару органдарының қимылын тездету керек деп ойлаймын.