Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде 500-ге жуық тұрғын жарықсыз, сусыз отыр

18.07.2023ж. 20:00
960
Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде 500-ге жуық тұрғын жарықсыз, сусыз отыр

Алматыда Ерменсай ықшам ауданындағы жаңа үйлердің тұрғындары жарық пен суға жарымай отыр. Қолданысқа берілгеніне бір жылдың шамасы болса да, электр жарығы мен ауыз су қайта-қайта өшіп, тұрғындарды әбден әбігерге салып келеді. Қазір енді аптап ыстықта 175 пәтерде 4-ші күн қатарынан су жоқ.

Болат БӘЙТІМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазір суды әркімнен, көршілерлен аламыз, қасымыздағы частный секторлардан, соткаларын зарядтасын деп шнур шығарып қойды. Осындай жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Бұл қазіргі дамыған заманға сәйкес келмейтін тірлік. Ашуымның келетін себебі сол, өткізген кезде үйді әр адам өзінің міндетін атқарып, алған ақшасын өз игілігіне пайдаланып, бітіріп беру керек еді.

Амалы таусылып, әбден ашынған жұрт «АМАNAT» партиясына көмек сұрап, жүгінді. Бостандық ауданы саяси кеңесінің мүшесі тұрғындармен кездесіп, мәселемен танысты.

Бауыржан СЕРАЛИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Бұл құрылыс салынған кезде уақытша рұқсат берілген электр желісіне қосу шешімі болған, техникалық шешімі, сол уақытша шешім қалып қойған. “Алматы Жарық” жағынан уақытша қазір көмек көрсетіледі. Осы жерге дербес электр гинераторлары әкелініп, қойылып, уақытша шешіледі.

Дауд МЕСТОЕВ, «MOUNTAIN PARK» ЖОБАСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ДИРЕКТОРЫ:

Электр жүйесіндегі ақаулар мәселесі бойынша тұрғындардан кешірім сұрағымыз келеді. Қазіргі таңда біз барлық ақауларды ретке келтіру үшін арнайы компанияның мамандарын жалдадық. Барлық қателер дұрысталатын болады. Тұрғын үй кешенінде екі желі бар. Ішкі желіні бірнеше сағатта дұрыстай алатын болсақ, сыртқы желі бойынша қиындықтар бар. Олар осы аудандағы жиі өшетін жүйе мен көрші құрылыс кешенінің кейбір жұмыстары бізге кері әсерін тигізіп жатыр.