Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жыл басынан бері 4 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала ұсталды

18.07.2023ж. 20:00
615
Жыл басынан бері 4 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала ұсталды

Жыл басынан бері 4 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала ұсталды. Олар беймезгіл уақытта ата-ананың қарауынсыз көше кезген. Құзырлылар жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау үшін қанша профилактикалық жұмыс жүргізсе де, олардың қатары азаяр емес.

Подождите.
– Біз дәл қазір белгілі-бір Астана қаласындағы мекемеге келдік. Бұл жерде қызметкерлер әлі 18 жасқа толмаған. Қазір полицейлер аныққанығын анықтап жатыр. Ата-анасына хабарласуда.
Бұл - жай тамақтанатын орын емес. Алкольдік сусын еркін саудаланатын кәдімгі клуб. Ал, сол ащы сусынды тасып жүрген 18-ге толамаған балалар.
Жасын сұрамайсыздар ма жұмысқа алатын кезде?
Сұраймыз.
Сіз білмедіңіз ба 18-ге толмағанын.
Отключите камеру.
Міне, дәл қазір жұмыс беруші бізді қуып шықты. Шығуымызды талап етіп отыр. Тіпті, қыздың ата-анасына хабарласудан бас тартып отыр.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Адам көп жүретін, әсіресе жастар көп жүретін Арбатқа келдік. Қазір көріп тұрмыз, әлі кәмелетке толмаған балалардың бар екенін және қашып бара жатыр, міне.

Балалар полицейлердің алаңдаушылығын мысық-тышқан ойынымен шатастырып алған секілді. Кезіккендердің көбі алды-артына қарамай қаша жөнелді.

18 бар ма сіздерде?
– Жоқ.
Қазір балаларды алып келдік. Әрі қарай тексеріс жұмыстары жалғасады.
Қолға түскендердің көбі – қалаға енді кеп жатқан талапкерлер. Олар «еркіндік осы екен» деді ме ,қайдам, әйтеуір түнгі қалада серуендеуді жөн көріпті.
Астанаға қыдырып келдіңіз ба?
– Иә, оқуға тапсыруға келгенмін ғой.
– Енді қайталанбайды?
– Қайталанбайды, желательно. 18-ге толғанша ғой.

Ата-ана қанатынан енді шыққан жеткіншектер кезек-кезек отбасына хабарласып әлек. Өйткені, оларды бұл жерден анасы мен әкесі не болмаса сенімді өкілі ғана алып кете алады.

Мені РОВД-ға алып кетті. Из-за того мен 18-ге толмадым и после 11 выходил.

Иә, жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын мекемелердің жұмысы еселенеді. Өйткені, дәл осы кезеңде жеткіншектер арасында құқықбұзушылық деңгейі өседі.

Ұлболсын МҰСАБЕКОВА, НҰРА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ:

Бірінші жолға ескерту салынады. Ал, егер жылына екінші рет қайталанып жатса осы факт бойынша онда айыппұл салынатын болады ата-анаға.

Тәртіп сақшылары ата-анасының қарауынсыз бей-берекет қыдырған жеткіншектердің жүрісіне тосқауыл қойды. Мұндай жұмыс әр ай сайын жүйелі түрде жүргізіледі.