Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бір жарым ай ішінде 400-ге жуық өтініш қаралды - Балалар жөніндегі уәкіл

AstanaTV
24.07.2023ж. 12:02
935
Бір жарым ай ішінде 400-ге жуық өтініш қаралды - Балалар жөніндегі уәкіл

Балалар жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева аралық есебін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Уәкіл осы ай бойы Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және мемлекеттік органдардың барлығымен Мемлекет басшысының балаларға қатысты тапсырмаларын іске асыру бойынша жұмыс істегендерін айтады.

«Негізгі бағыттар – профилактика жүйесін және көмек құралдарын құруды, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған инфрақұрылым құру. Сонымен қатар, осы және басқа да міндеттермен өңірлерде жұмыс істей бастадық. Жалпы алғанда, бір жарым айдың ішінде 4 аймаққа барып келдім. Енді күзде ҮЕҰ-мен, өңірлерлік БҚУ-дермен үлкен талқылау өткізуді жоспарлап отырмыз. Өңірлерге ұзағырақ мерзімге барып, аудан орталықтары мен ауылдарда жұмыс істейміз», - деп жазды Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол түрлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ата-аналармен көтерілетін мәселелер мен өтініштер бойынша үнемі кездесулер өткізіп жүргенін атап өтеді. Сондай-ақ, бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді – бұл емдеу мәселелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа қатысты және тағы басқалар.