$519.58 €609.36 ₽6.63
×

Геннадий Головкин Қазақстанға оралмақ

AstanaTV
25.07.2023ж. 10:31
1190
Геннадий Головкин Қазақстанға оралмақ

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға оралмақшы. Бұл туралы қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ол Головкинмен бірге түскен фотосын жүктеді.

"Елге Гена ағамызбен қайттық. Жекпе-жегіңді DAZN-нан көрдім дегеннің өзі қуаныш болды, - деп жазды Зәуірбек.

Геннадий Головкин былтырғы қыркүйектен бері – мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегінен кейін рингке шықпады. Ол биыл орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдарын қайтарып берді. 41 жастағы боксшы әзірше карьерасы туралы мәлімдеме жасаған жоқ.