$461.37 €502.62 ₽6.69
×

Соңғы жылдары 100 млрд теңгедей қаржы заңсыз жолмен шетелге шығарылған - Бас прокуратура

24 қазан 2016
1848
Соңғы жылдары 100 млрд теңгедей қаржы заңсыз жолмен шетелге шығарылған - Бас прокуратура

100 млрд теңгедей қаржы заңсыз жолмен шетел асқан. Бұл соңғы 10-15 жылдағы көрсеткіш. Қаржылық тергеу және ұрланған активтерді қайтару тақырыбында өткен семинарда Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко осындай ақпаратпен бөлісті. Аталған соманың бүгінге дейін 30 пайызы қайтарылған. Бірақ, бұл аз дейді шенеунік.  Бүгінде қылмыскерлерді елге қайтару бойынша Венгрия, Испания, Италия, Румыния, Сербиямен келісімдер жасалған. Ал Ұлыбритания, Чехия, Монакомен арада қылмыстық істерге байланысты құқықтық көмек көрсету жөніндегі әрекеттер жолға қойылған.

Андрей Кравченко, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Мемлекеттен бұл сомаларды қылмыстық жолмен әкеткен және қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаларды жауапқа тарту мерзімі аяқталмағанша, қаражатты қайтаруға болады. Сондықтан әлемнің барлық елдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз. 

"Егер бірнеше миллиард доллар қолды болса, басты мақсат кінәлі адамды абақтыға жабу емес, заңсыз жолмен иемденген қаржыны қайтару болуы тиіс". БҰҰ Есірткімен және қылмыспен күрес бойынша басқармасы өкілінің пікірі осындай. Ал АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд те мұны құптайды. Оның айтуынша, активтердің қайтарылып жатқанына елдің көзі жеткенде ғана жұмыс жемісін бере бастайды.

Уильям Браунфилд, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі:

Активтерді қайтару - ақша жымқырумен күрестің басты бөлігі. Қазақстан халықаралық ұйымдармен бірлесіп, дұрыс қадамдар жасауда. Қылмыскерлермен күресті күшейте түсу жолында аянып қалмау керек. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар