Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Құлсарылық кәсіпкерлер "әкім жұмысымызға кедергі келтірді" деп отыр

AstanaTV
24.10.2016ж. 20:00
3837
Құлсарылық кәсіпкерлер "әкім жұмысымызға кедергі келтірді" деп отыр

"Әкім ісімізге кедергі келтіруде". Атырау облысы Құлсары қаласының бірқатар кәсіпкерлері осылай деп ашынады. Олардың айтуынша, шахар әкімі Шәкір Кейкин "бұрынғы әкімдердің шешімімен берілген жерлерді қайтарып алған". Ал жаңадан іс бастағысы келгендерге «жер жоқ» деп қысқа жауап қайтарыпты. Тараптарды әріптесім Базаргүл Нәдірқызы тындап қайтты.

Өзім трактор алып келіп,  өзім құйып, өзім бұздым. Маған ал деп тұр. 28 метрде 8 метрді бұздым.

Іңкәр Шынашева дүкен мен шағын дәмхана құрылысына арнап құйған іргетасын 2008 жылы бұзуға мәжбүр болған. Кәсіпкер 2007 жылы 15 те 8 метрлік жер телімін 400 мың теңгеге сатып алады. Артынша ол жерді қаланың бұрынғы әкімінің рұхсатымен 13 метр аумаққа ұзартқан. Бірақ арада 9 жыл өтсе де, жергілікті билік Іңкәрдің не нысан салуына рұхсат бермеген, не жаңа жер телімін ұсынбаған.

Іңкәр Шынашева, кәсіпкер:

Тілесов Қопал, 4 метр арақашықтық сақталған, бұл жерге кафе бар, дүкен салатын жеріме рұхсат бермеймін деді. Қалалық әкіміз Кикин Шәкір: «Мына атамның жері объездной бойдан тіке шығып кету керек, былай асфальт салып беремін. Сіз кедергі келтірмеңіз. Документіңізді апаратын жерге апарыңыз, бірақ мен тұрған жерде бұл жерге ешқандай құрылыс сала алмайсың»,- деп айтты.

Алмагүл Сисенова 32 шаршы метр жер телімі үшін 8 жылдан бері сандалып жүргенін айтады. 2008 жылы дүкен саламын деп алған жерін "астында  жылу құбыры өтіп жатыр" деген желеумен қала әкімдігі қайтарып алған. Орнына басқа жер беруге уәде еткен еді,- дейді кәсіпкер. Ал Оралша Құрақбаева құрылысы біткен көлік жуу бекеті, асхана, қонақ үй мен мал сою цехын іске қоса алмай отыр.

Оралша Құрақбаева, кәсіпкер:

Негізі қала тұрғыны мәселесін шешетін заңда қала әкімі, Кикин шешу керек. Ал ол біздер барсақ, ішінде болмайды, не өтінішіміз алты ай, бір жылдап жатады.

Бұл мәселе қатысты қала басшысы Шәкір Кейкиннің жауабы қысқа болды. Шахар әкімі "Құлсарыда қазір ине шаншар бос жер жоқ" деп отыр. Бұл жолы да өзіне үміт арта келген бизнес өкілдеріне қолқабыс ете алмайтынын ашық айтты.

Шәкір Кейкин, Құлсары қаласының әкімі:

Жұмыстанып, ұсыныс беремін деп айтайын, бірақ мәселені шешіп беремін деп түбегейлі айта алмаймын. Оған дейін кәсіпкерлік мақсаттағы жерлердің барлығына келісім алатын бөлімдер бар.

Базаргүл Нәдірқызы, тілші:

Кәсіп ашып, бизнесін өркендетіп, мемлекетке тиісті салығын төлеп жұмыс жүргізуге ниетті құлсарылықтар осылайша жер теліміне қолы жетпей діңкелеумен күн кешіп жүр. "Әкімнен қайран болмады, енді жоғарыдағы құзырлы органдарға шағымданып, әділдікті талап етуден өзге шарамыз жоқ", - дейді олар. Айта кетейік, Құлсары қаласында 56 мыңдай халық тұрады. Онда шамамен 5 мыңнан астам шағын және орта кәсіп иелері халыққа қызмет етуде.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ