Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумы өтті

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
2505
Елордада үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумы өтті

Елордада үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумы өтті. 2 жылда бір өтетін басқосуды қоғамдық ұйымдар мен қозғалыс жетекшілері ерекше күтеді. Бұл шара үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган арасында диалогты дамыту алаңына айналған. Оның аясында үздік жобаларға конкурс жарияланып, 80 жұмыстың ішінен үздік 30 жоба таңдап алынды.

Ғамал Түзелбаев, Астана қаласы азаматтық альянсының президенті:

Конкурстарға қатысу электронды түрде өтті. Біз оның кемшіліктерін көріп жатырмыз. Неге десеңіз, жаңадан құрылған немесе ойнатылып жатқан конкурстарға қатысы жоқ қоғамдық бірлестіктер, демпингті қолданып, конкурстың бағасын қатты төмендетіп, сол конкурстарды ұтып кетіп жатты.

Ерлан Қаналимов, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы:

Қаламызда 3000-ға тарта ұйым тіркелген Әділет органдарында негізінен. Бірақ олардың ішінде белсенділері 100-ге тарта. 2016 жылға 52 жоба бойынша 520 млн-ға жуық ақша тартылған. 7 мемлекеттік орган іске асырып жатыр оны. 

Форум жұмысына Парламент және мәслихат депутаттары қатысты. Қалалық құрылымдардың басшыларына үкіметтік емес ұйымдар тарапынан  нақты ұсыныстар жолданды. Ал ресми бөлім аяқталар сәтте үздік жобалар марапатталды. 25 қарашада елордада Қазақстанның VII азаматтық форумы өтеді. Бүгінгі басқосуда үздік деп танылған 5 жоба сол жиында көпшілікке таныстырылатын болады.