Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қостанай облысында «Тың-2023» спартакиадасы өтті

31.07.2023ж. 20:00
677
Қостанай облысында «Тың-2023»  спартакиадасы өтті

Қостанай облысы Алтынсарин ауданында отыз алтыншы жазғы ойындар спартакиадасы өтті. Төрт күнге ұласқан додада спорттың 18 түрінен мыңнан астам мықты бақ сынады. 20 команда сайысқа түсті.

Бақдәулет АСАНОВ, СПОРТШЫ:

Биылғы дайындық Қостанай ауданының ерекше. Қазір ауданның әрбір спорт түріне ерекше көңіл бөлінуде.Соның арқасында ауданда қазір спорт жақсы деңгейде дамуда.

Қадыр ЕРХАНОВ, СПОРТШЫ:

Дзюдо күресімен айналысып жүргеніме алты-жеті жылдай болды. Нәтижеміз жақсы.Амангелді ауданында 1 және 2 орындар бар.

Облыстық спартакиада үш кезеңмен өткізілді. Топ жарып шыққан аудандық және қалалық командалар ақтық сайыста бәсекелесті. Аймақтағы ауқымды шара бұл жолы 40 мыңан астам спорт сүйер қауымды қамтыды. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімінде өңірдің үздік спортшылары аймақ басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Құмар АҚСАҚАЛОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл мақсатта спорттық инфрақұрылым жақсарып келеді. Біз барлық аудандық орталық стадиондарды күрделі жөндеуден өткіземіз. Және аудан орталықтарында сауықтыру кешендері бой көтереді.

Отыз алтыншы жазғы ойындар жарысы күрделі жөндеу жүргізілген спорт кешенінде өтті. Спартакиада қарсаңында Алтынсарин ауданында материалдық –техникалық база едәуір жаңарып қалды.

Елена КИРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жол картасы шеңберінде стадион 2020 жылы қайта жөндеу жүргізілді. Сондықтан спорттық сайыстар өткізуге барлық жағдай бар деуге болады. Валейбол, баскетбол, футбол, гір көтеру секілді жарыстар осында өтті.

Додалы сайыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есеппен Қостанай қаласы бірінші орын, Рудный екінші орынды иеленсе, Қостанай ауданы қола жүлдегер атанды. Спартакиада жалауы Қарабалық ауданына табысталды.